Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
Қазіргі уақытта Момынов (көпірдің астындағы өткелде) және Тіленшин көшелерінде теміржол үстінен өткел салынып жатқаны белгілі. Осыған байланысты бұл учаскеде көлік қозғалысы уақытша жабылатынын хабарлаймыз.
Тіленшин көшесіндегі өткелдің маңында көлік қозғалысы 2026 жылғы 22 қаңтар түнгі сағат 00:00-ден 24 қаңтар күні 08:00-ге дейін.
Момынов көшесіндегі көпірдің астындағы өткелде көлік қозғалысы 22 қаңтардан бастап 2 апта мерзімге жабылады.
Осыған орай бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.