Шымкенттің жол-көлік жүйесі: 2025 жылғы негізгі көрсеткіштер

Шымкенттің жол-көлік жүйесі: 2025 жылғы негізгі көрсеткіштер
Шымкент қаласында 2025 жылы жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Цифрлық паспортизациялау нәтижесінде қаладағы көше саны 6 882-ге, жалпы ұзындығы 3 846,7 шақырымға жетті. 2025 жылы қала бойынша 1 059 шақырым жол салынып, пайдалануға берілді.
Қоғамдық көлік саласында 83 маршрутта 988 автобус күнделікті жолаушыларға қызмет көрсетуде, ал 2025 жылы жолаушылар ағыны 86 млн адамға жетті. Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қаланың көшелері 100% жарықтандырылып, 344 бағдаршам интеллектуалды жүйеге қосылды. Сонымен қатар, Шымкент халықаралық әуежайы заманауи мультимодальды хаб ретінде дамып, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін күшейтуге серпін берді.
Аталған кешенді жұмыстар Шымкент қаласын заманауи, қауіпсіз және тиімді көлік жүйесі бар мегаполис ретінде қалыптастыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың экономикалық әрі транзиттік әлеуетін ұзақ мерзімді негізде нығайтуға бағытталған.