Қала әкімінің аралауы

Қала әкімінің аралауы
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков аралау барысында Момынов көшесінде салынып жатқан автомобиль өткелінің қазіргі жұмыс барысымен танысты. Бүгінде жұмыстың 80 пайызы орындалған. Мердігер ұйымға нысанды сапа талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде аяқтау міндеті жүктелді.
Әрі қарай «Shymkent Bus» ЖШС-не барды. Кәсіпорын автопаркінде 539 автобус бар. Техникалардың жай-күйін және жанармай құю инфрақұрылымының жұмысын бағалады. Үшінші автоматтандырылған газ құю станциясының пайдалануға берілуі автобус бағыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, қозғалыс кестесін сақтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Н.Назарбаев даңғылынан Бәйдібек би даңғылына оң жақ жолақ ұйымдастыру аясында жаяу жүргіншілер өткелін салу бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысын тексерді. Бұл өткел тұрғындардың жолдан өтуін қолайлы етіп, жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттырады. Мердігерге барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.