МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!

Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысына жолайырық салынуына байланысты осы қиылыста көлік қозғалысына жартылай шектеу енгізілгенін хабарлаймыз.

Осыған орай, сызбада көрсетілгендей, Бәйдібек би даңғылына балама жолдарды пайдалануды сұраймыз.

Атап айтқанда, Таңбалы тас, Шұбаркөл, Қазиев, Өтегенов, Сырым батыр көшелері арқылы жүруді ұсынамыз.

Қолайсыздықтарға түсіністік танытып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.