Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!
Қоғамдық көлік қызметіне қатысты тұрғындардан келіп түсетін барлық ресми өтініштер басқарма тарапынан мұқият және жекелей тәртіпте қаралатынын хабарлаймыз.
Айта кету қажет, мегаполис мәртебесіне ие қаламызда жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыру мақсатында кешенді көлік схемасына сәйкес оңтайландырылған. Бұл жүйе тұрғындарды халық көп шоғырланған аялдамаларға (ХАБ) жеткізіп, әрі қарай қаланың кез келген нүктесіне кедергісіз жетуге мүмкіндік береді. Дүниежүзілік ірі қалалар тәжірибесінде де жолаушылардың бір бағыттан екіншісіне ауысып мінуі (пересадка) қалыпты құбылыс болып саналады. Сол себепті қалалық маршруттарда автобустардың магистральды көшелермен жүруіне басымдық беріледі.
Маршрут сызбаларын өзгерту немесе жаңа бағыттарды ұйымдастыру барысында міндетті түрде жолаушылар ағыны зерделенеді. Егер белгілі бір учаскеде жолаушы саны төмен болса, ол бағыттың тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі мүмкін болмайды. Сондықтан жолаушылар легіне қатысты талдау жұмыстары – негізгі шешімдердің маңызды бөлігі.
Сонымен қатар, бірінші кезекте емханалар, оқу орындары, сауда үйлері, яғни адамдар көп баратын әлеуметтік маңызы бар нысандарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету қарастырылған.
📌Маршруттарға енгізілген өзгерістер бойынша ақпарат сызбаларымен қоса басқарманың парақшасында тұрақты түрде жарияланып отырады. Ұсыныстарыңыз үшін алғыс білдіреміз.