Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
Бәйдібек би даңғылындағы жолайырық құрылысына байланысты осы учаскенің қозғалыс бөлігі жартылай жабылады.
Құрылыстың қауіпсіз және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысы Төлеметов көшесінің қиылысынан Ақберен көшесіне дейінгі аралықта уақытша шектеледі.
Жабылу мерзімі: 2025 жылғы 12-25 желтоқсан аралығы.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Балама бағыттарды алдын ала жоспарлап, қозғалыс кезінде абай болыңыздар.