Қаладағы көлік жүктемесін азайту және қозғалыс тиімділігін арттыру мақсатында Гагарин-Республика қиылысында оң жақ бұрылыс жолы салынды. Оң жақ өткел Гагарин көшесінен Республика даңғылына тоқтаусыз бұрылуға мүмкіндік беріп, жүргізушілер үшін қозғалыс уақытын қысқартуға жағдай жасайды.
Сонымен қатар, Республика даңғылы бойындағы бағдаршамның жұмыс тәртібі қайта реттеліп, көлік ағынының бірқалыпты қозғалысы қамтамасыз етілді. Аталған қиылыс – қалаға кіре берістегі көлік ағымы жоғары нүктелердің бірі. Мұнда сырттан келетін автокөліктердің саны көп болғандықтан, оң жақ өткелдің маңызы ерекше.
Қаланың көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.