Аталған отырысқа құқық қорғау органдары мен аумақтық департамент басшылары, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жауаптылары, сондай-ақ тасымалдау ұйымдарының бірінші басшылары қатысты.
Күн тәртібінде қоғамдық көлік тасымалдаушылары тарапынан жол қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесі және жол инфрақұрылымын жақсартудың ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ жол қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселесінде бейнебақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру шаралары қаралды.
Қала әкімінің орынбасары жол қауіпсіздігі мәселесінде қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан орын алып жатқан бұзушылықтарды қатаң сынап, оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, жол қауіпсіздігі мәселесінде бірлесіп жұмыс атқаруды және ведомствоаралық іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.
Отырыс нәтижесі бойынша тиісті шешім жобалары пысықталып, оларды іске асыру жөнінде ортақ шешімдер дайындауға қол жеткізілді.