Соңғы жылдары мегаполисте инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Соңғы жылдары мегаполисте инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Соңғы жылдары мегаполисте инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Шымкент – еліміздегі аумағы жағынан ең үлкен қала.
Қала аумағында жалпы ұзындығы 3 846,7 шақырымды құрайтын 6 882 көше бар.
2024 жылы қала аумағындағы 1 238 көшеге 33 422 жарық шамы орнатылса,
2025 жылы бүгінгі күнге дейін 1 758 көшеге 35 218 шам қойылды.
Жыл соңына дейін қосымша 985 көше жарықтандырылып,
қала көшелерін 100% жарықтандырумен қамтамасыз ету жоспарланған.
Қала жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында
Тұран және Shymkent City шағынаудандарындағы магистралды қиылыстарға 42 жаңа бағдаршам орнатылды.
Сонымен қатар, көлік қозғалысын реттеу және кептелісті азайту үшін 317 бағдаршам интеллектуалды жүйеге (ITS) қосылды.
Қоғамдық көлік саласында да оң өзгерістер байқалады.
2024 жылы 19, ал 2025 жылы 88 жаңа автобус сатып алынды.
Бүгінде 82 тұрақты бағытта 988 автобус күн сайын жолаушыларды тасымалдауда.
Яғни, соңғы екі жылда қала автопаркі 100-ден астам жаңа автобустармен толықты.
 
Шымкент – заманауи инфрақұрылымы дамып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып жатқан мегаполис.