Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережелері

Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережелері

 

  1. Көлікті тек арнайы аялдамада күтіңіз.

Жолдың бойында, қозғалыс кезінде немесе белгіленбеген жерде көлікке мінуге немесе түсуге болмайды.

  1. Көлік толық тоқтаған соң ғана мініңіз немесе түсіңіз.

Қозғалып тұрған көліктен түсу — жарақат алудың басты себебі.

  1. Заттарыңызды мұқият ұстаңыз.

Қалта ұрылары мен ұмыт қалдыру жағдайларын болдырмау үшін сөмкеңізді алдыңызда ұстаңыз.

  1. Көлік жүргізушісін алаңдатпаңыз!

Жүргізушімен артық сөйлесіп, және оған қолма-қол ақша беру оның назарын аударады және қауіп тудырады

  1. Балаларды қадағалаңыз.

Олар көлікте секіріп, есікке немесе терезеге тым жақын отырмауы тиіс. Балалардың көлік картасы болуы және оны планшетке басу міндетті!

  1. Тазалық пен тәртіпті сақтаңыз.

Көлікте тамақ-су ішпеңіз, қоқыс тастамаңыз, дауысыңызды көтермеңіз.

  1. Жолақыңызды уақытылы төлеңіз. Бұл – тәртіп пен жауапкершіліктің көрсеткіші.

 

Ал сіз жол ережелерін қаншалықты сақтайсыз?