Жол инфрақұрылымын дамыту және ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын қадағалау мақсатында заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары іске қосылды. 2025 жылғы 15 қазаннан бастап станциялар толыққанды жұмыс істеп, заңбұзушылықтар үшін айыппұл салынуда.
 
 
Әзірге үш станция мына мекенжайларда орнатылды:
 
1. Шымкент–Сайрам бағыты – Жібек жолы көшесі, Мартөбе шағынауданы маңындағы мұсылман мазараты жанында;
 
2. Шымкент–Сайрам бағыты – Бердіқожа батыр көшесі, Қарасу өзені көпірі маңында;
 
3. Шымкент–Сайрам–Қарамұрт бағыты – Әмір Темір көшесінде.
 
 
Бұл шара жолдардың бұзылуын алдын-алуға, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
 
 
Ауыр салмақты көліктердің қатынауы жол жабынының мерзімінен бұрын бұзылуына әкеледі. Ендігі кезекте әрбір шамадан тыс жүктелген көлік автоматтандырылған жүйе арқылы тіркеліп, заңға сәйкес шара қолданылады.