2024 жылы Шымкент қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 75 пайызды құрады. Биыл бұл көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
2024–2025 жылдары қала аумағында жалпы ұзындығы 860,1 шақырым жол пайдалануға берілді. Оның ішінде:
2024 жылы – 269,5 шақырым,
2025 жылдың 9 ай қорытындысымен – 590,6 шақырым жол салынды.
2024 жылы ұзындығы 20,1 шақырымды құрайтын 4 негізгі көше пайдалануға берілді. Олар:
А-2 айналма жолын қайта құрудың 4-кезеңі;
Өтегенов көшесінің жалғасының 1 және 2-кезектері;
Оңтүстік айналма жолы.
2025 жылы көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 42,4 шақырымды құрайтын 19 ірі жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында:
Жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым. Қазіргі таңда 2 және 5-кезеңдерінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2-кезеңді аяқтау жоспарланған.
Жалпы ұзындығы – 28,2 шақырым, жоба 8 кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда 5, 6, 7 және 8-кезеңдердің құрылысы жүргізілуде. Биыл 6, 7 және 8-кезеңдерді аяқтап, пайдалануға беру көзделген.
Қаланың жүктемесін азайту және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында келесі бағыттарда құрылыс жұмыстары атқарылуда:
Алтынсарин көшесінің жалғасы;
Қазиев көшесінің жалғасы;
Жандосов көшесінің жалғасы;
Шұбаркөл көшесі;
Асар және Shymcity шағынаудандарын қосатын жол;
Қызылсай шағынауданына кіреберіс жол;
Момынов және Тіленшин көшелеріндегі теміржол өткелдері.
Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 17,1 шақырымды құрайтын 6 көше және 1 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде:
Юсупов көшесі
Тамшыбұлақ көшесі
Жаңа Қоныс көшесі
Ізенді көшесі
Ю. Сареми көшесі
Жаңақұрылыс көшесі
Қойкелді батыр көшесіндегі көпір
Биыл осы нысандардың ішінде Юсупов, Тамшыбұлақ, Жаңа Қоныс, Ізенді көшелері және Қойкелді батыр көпірі пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар:
Әуежайдың ұшу-қону жолағын салу жұмыстары,
Бәйдібек би – Төлеметов жолайрығының құрылысы басталуда.
2024 жылы орташа жөндеу аясында 167,1 шақырымды құрайтын 247 көше пайдалануға берілді.
2025 жылы ұзындығы 201 шақырым болатын 323 көшеде жұмыстар толық аяқталды.
Шалғай және ішкі орам көшелерін абаттандыру мақсатында 2025–2026 жылдары 938 шақырым жол салу жоспарланған.
Оның 637 шақырымы бойынша биыл асфальт төсеу жоспарланған, қазіргі таңда 304 шақырымында жұмыстар орындалды.
Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын жаңғырту кезең-кезеңімен және кешенді түрде жалғасуда. Жобалар қала тұрғындарының қолайлы әрі қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған.