СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАДЫ

СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАДЫ
Шымкентте шалғай елді мекендердің топырақ көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның ішінде Жаңаталап елді мекенінде құрылыс барысына Шымкент қалалық жол-көлік колледжінің студенттері қатысып, тәжірибе жинақтады.
Олар асфальт жабындысының қалай төселетінін, құрылыс барысындағы техникалық стандарттардың сақталуын өз көздерімен көріп, сала мамандарымен пікір алмасты. Болашақ мамандар кәсіби сұрақтарына толыққанды жауап алып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік тапты. Бұл тәжірибе – студенттердің кәсіби қалыптасуына жол ашатын маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар жас буынның ел игілігі жолындағы істерге қатысуының айқын көрінісі. Осындай шаралар арқылы жастардың еңбекке деген құлшынысы артып, қаламыздың болашақ инженерлері мен құрылысшылары шыңдалады.