Қала әкімінің Тұран ауданы тұрғындарымен кездесуіндегі тапсырмалар орындалуда

Қала әкімінің Тұран ауданы тұрғындарымен кездесуіндегі тапсырмалар орындалуда

Кеше, 16 қыркүйек күні қала әкімі Тұран ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жергілікті Мөлдір есімді тұрғын қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергісін орнату жөнінде өтінішін білдірді. Қала әкімі тұрғынның ұсынысын назарға алып, басқармаға тиісті тапсырма берді. Соның нәтижесінде тапсырма бір күннің ішінде орындалып, жол кедергісі орнатылды.

Жергілікті тұрғындар көрсетілген жедел қолдау мен уәде бойынша уақытылы орындалған жұмыс үшін ризашылықтарын білдіруде.