ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданы тұрғындарымен кездесті.
 
Кездесуде тұрғындар қазіргі уақытта қарқынды түрде қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан А-2 автомобиль жолына байланысты өз өтініштерін білдірді. Қала әкімі сапалы әрі жылдам жұмыс жүргізу мақсатында жол құрылысы жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, мердігерге шаң-тозаңның алдын алу және су себу жұмыстарын тиімді әрі жиі ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда жол бойында екі су шашатын техника (водовоз) жұмыс істеп жатыр.
 
Тұрғындардан жол құрылысынан туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, түсіністікпен қарауды өтінеміз.