ШЫМКЕНТ: АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ӨЗГЕРДІ

ШЫМКЕНТ: АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Қаламыздың қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру, тұрғындардың қатынау мүмкіндігін арттыру және жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында тұрғындардың көптеген өтініштері негізінде маршруттардың сызбаларына талдамалық жұмыстар жүргізіліді. Соның аясында бірқатар тұрақты автобус маршруттары оңтайландырылды.
Атап айтқанда:
- №2 автобус маршруттың сызбасы Қайнар бұлақ тұрғын алабындағы Бозторғай көшесіне дейін ұзартылды;
- №9 автобус маршруттың қозғалысы Бозарық шағын аудандағы №146 мектеп арқылы ұйымдастырылды;
- Бозарық шағын ауданы тұрғындарының өтінішіне сәйкес №171а автобус маршруттың қозғалысы Арша көшесінен ұйымдастырылды;
- №12 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы Жиделі шағын аудандағы орналасқан сауда-логистикалық орталығына дейін ұзартылды;
- Самал-3 шағын ауданда Ізенді көшесінің қайта-құру жұмыстарын аяқталуына байланысты, №54 автобус маршруттың қозғалысы аталған көшемен ұйымдастырылды;
- «ШымСити» шағын ауданында орналасқан «ДауМед» емханасы арқылы №108 автобус маршруттың қозғалысы ұйымдастырылды;
- №19 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы аэропорттың жаңа терминалына дейін ұзартылды.
Сонымен қатар, №52 бағыттағы автобустың сызбасы айналма маршруттан тікелей маршрутқа өзгертіліп, тұрғындарға қолайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында оңтайландырылды. Аталған бағыттың қозғалыс жиілігі қысқартылып, қазіргі таңда Алаш базары – Айбергенов көшесі аралығында 18 кестемен және 10 минуттық аралықпен қызмет көрсетуде.