Шымкентте Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Шымкентте Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Мегополис тұрғындары айтылған ой, батыл бастамаларды қолдап отыр. Бүгінде экономиканы одан әрі дамытып, және цифрландыру арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру маңызды. Осы орайда қала билігі басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
 
Жыл аяғына дейін Шымкенттің экономикасына 850 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр. Мегаполисті дамыту «ақылды қала» тұжырымдамасына сай жүргізіледі. «Smart Shymkent» жол картасына сәйкес 20 цифрлық жоба жүзеге асырылмақ. Жолдарды, заңсыз құрылыстар мен күл-қоқыс үйінділерін дрондар жүйесі қадағалайды.
 
Ғабит Сыздықбеков, қала әкімі:
- Денсаулық сақтау ұйымдарында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдана отырып, медициналық қызметтің сапасын арттыру арқылы ана мен бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа жеткізу міндеттеледі. Мегаполисте экономикалық дамуға басымдық беріледі. Мамандардың болжамынша, өндіріс ауқымы триллион теңгеге жетпек. Шағын және орта кәсіпкерлік көлемі 46 пайыздан асады. Ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп отыр.
 
Ролан Ибрагимов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Шымкент қаласындағы аэропортқа жаңа ұшу-қону жолағының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді және де аэропорт тың жанында 143 гектар жерде арнайы экономикалық аймақ болады. Шымкенттің маңында мұнай өңдеу зауыты болғандықтан әуе отынының нарығы қолжетімді. Қазірдің өзінде қалаға Франция, Түркия, Біріккен Араб әмірліктері, Катар елдерінің тасымалдаушылары ұшады. Енді мұнда әуе компанияларына бұдан да қолайлы жағдай жасалмақ. Осылайша Шымкент транзиттік хабқа айналып келеді.
 
Источник: https://24.kz/.../729045-symkentte-prezident-zoldauyndagy...