Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Бүгінгі комиссия отырысының күн тәртібінде 7 мәселені қарау ұсынылды. Оның ішінде өзекті мәселенің бірі, тасымалдаушы жылжымалы құрамын жаңарту және газ метан, пропан және дизель отынының бағасын қайта қарау мәселелері талқыланды.
 
Сонымен қатар, қала тұрғындарының көптеген өтініштеріне сәйкес, жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде жаңа бағыт ашу және №206, №2, №19, №12, №108, №171, №9 және №52 маршруттардың сызбалары мен кестелеріне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.