Қазіргі таңда басқарма тарапынан қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында жүйелі шаралар қолға алынуда. Солардың бірі ретінде қосымша жолақтар мен оң жақ өткелдер ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, Кеңжарық көшесі мен Төлеметов көшесі қиылысында оң жақ өткел ұйымдастырылып, көлік ағымының тиімділігі артты.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да көлік қарқындылығы жоғары аудандарды мұқият зерттеу арқылы жалғасатын болады.
Қаламыздағы жол қозғалысын ұйымдастырудағы осындай жүйелі қадамдар тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз көлік ортасын қалыптастыруға қызмет ететін болады.