ШЫМКЕНТТЕ БАҒДАРШАМДАРДЫҢ ҮЗДІКСІЗ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ БАҒДАРШАМДАРДЫҢ ҮЗДІКСІЗ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазіргі таңда ірі қалалардың жол қозғалысын ұйымдастыру жүйесі бағдаршамдардың тұрақты жұмысына тікелей байланысты.
 
Қаламызда электр желілеріндегі ақауларға байланысты бағдаршамдардың істен шығу жағдайлары жиі кездеседі.
 
Осы мәселені шешу мақсатында жыл басында Басқарма тарапынан 24 бағдаршам нысанына үздіксіз қуат көздері (аккумуляторлар) орнатылды. Қазіргі уақытта қаланың негізгі көшелері мен маңызды бағыттарында орналасқан тағы 20 бағдаршам нысаны арнайы құрылғыларымен жабдықталуда.
 
Жыл соңына дейін қосымша 20 бағдаршам нысанын қамту жоспарланған. Бұл қондырғылар электр қуаты ажыратылған жағдайда да бағдаршамдардың 20 сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық ҮҚК интеллектуалды көлік жүйесіне интеграцияланып, «Диспетчерлік қызмет орталығы» операторлары тарапынан онлайн режимде бақыланады.
 
Аталған бағдарлама Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық маңызды бағыты болып саналады. Үздіксіз қорек көздерін енгізу арқылы жарық өшкен жағдайдың өзінде де қалалық көлік жүйесінің тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, жол-көлік оқиғаларының қаупі төмендейді, сондай-ақ тұрғындар мен қала қонақтарының қозғалыс жайлылығы арта түседі.