ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жол сапасын арттыру – тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мен қала инфрақұрылымын дамытудағы маңызды бағыттың бірі.
 
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков аралау барысында «Ақжар» тұрғын алабы, Бестоғай және Керімағаш көшелерінде жүргізіліп жатқан жол төсеу барысымен танысты.
 
Сондай-ақ, Абай ауданында «Көкбұлақ» және «Алтынтөбе» тұрғын алаптарындағы Маңлай Момынұлы мен Ж.Оразбайұлы көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Қала әкімі жұмыстың сапасын қатаң бақылап, техникалық талаптарға сәйкес орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.