«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ПЕН ЖОЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ПЕН ЖОЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері мен шағымдары тыңдалып, тиісті түсініктемелер берілді.
Келушілердің басым бөлігі қоғамдық көлік қозғалысының жиілігі мен жаңа бағыттар қосу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, тозығы жеткен жолдарды жөндеу мәселелері де көтерілді.
Басқарма басшысы әрбір тұрғынның өтінісін мұқият қарап, заң аясында нақты жауаптар берді. Барлық көтерілген мәселелер арнайы хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.
«AMANAT» партиясы қоғамдық қабылдаулар арқылы тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етуді жалғастыра береді.