Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
А-2 автомобиль жолы құрылыс жұмыстарына байланысты жабылатынын хабарлаймыз.
Жандарбеков көшесінен Отырар көшесі “Нұр” аялдамасына дейінгі аралықтағы А-2 автожолында көлік қозғалысы 1 айға уақытша жабылатын болады.
Жөндеу мерзімі: 18.08.2025 жыл - 18.09.2025 жыл
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Айналып өту жолы сызбада көрсетілген.
Көлік бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.