АБДУЛАБАД ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА 5 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

АБДУЛАБАД ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА 5 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ
2025 жылға арналған жол инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес, Еңбекші ауданына қарасты Абдулабад тұрғын алабында жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын 5 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Атап айтқанда, Шатыртас, Тақиятөбе, Шөптікөл көшелеріне асфальт жабындысың 1-ші қабаты төселді.
Қазіргі таңда жол құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Аталған жұмыстар аудан тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы қозғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
 
Жол инфрақұрылымын жақсарту – біздің басым бағыттарымыздың бірі.