ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 19 сәуірдегі №250-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында азаматтардың, бизнес-қоғамдастықтың және мемлекеттің мүдделерінің теңгерімін сақтау үшін, сондай-ақ Шымкент қаласының аумақтарын дамыту мен салуды тиімді қала құрылысын жоспарлау үшін "Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ ведомстволық бағынысты "Шымкент Басжоспар" КММ көрсететін қызметтерді бәсекелестік ортаға беру қажеттілігі туындауда.

Осыған байланысты, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органы келесі өлшемшарттарға жауап беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құнының елу пайызына дейін сатып алу мүмкіндігін қарастыруда:

  1. Жобалық қызметтегі 1 санатты лицензияға ие болу (жобалаудың барлық кіші түрлерін қоса алғанда: қала құрылысы, сәулет және т.б. түрлері).
  2. Серіктестік штатында кемінде 5 кәсіби аттестатталған сәулетші және 5 кәсіби аттестатталған инженер тиісті аттестаттарды растай отырып, қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу бойынша міндетті жұмыс тәжірибесі (бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және т.б.) кемінде 15 жыл болуы тиіс.
  3. Серіктестік 100% қаржылық тұрақтылыққа ие болуы керек.
  4. Серіктестіктің салықтың кез келген түрі бойынша берешегі, компанияның атына қаржылық ауыртпалықтары мен атқарушылық іс жүргізулері болмауы тиіс.
  5. Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде де сот талқылауларына қатыспау.
  6. Компанияның шарттары мен келісімшарттары бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмауы тиіс.
  7. Серіктестіктің 1 % қаржылық тұрақтылығының құны туралы бағалау есебін ұсыну қажет.

Осы хабарландыру бойынша ниетті Серіктестіктер тізімде көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтүзбелік мерзім ішінде baszhospar@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Шымкент қаласы, Шаяхметов көшесі №39 мекен жайға немесе 8 (7252) 39-44-27 (ішкі 113) телефоны арқылы хабарласуға болады.