Республикалық маңызы бар қала санатындағы Шымкент қаласының бас жоспарының тұжырымдамасы (нобайлық идеясы) қабылданды

Республикалық маңызы бар қала санатындағы Шымкент қаласының бас жоспарының тұжырымдамасы (нобайлық идеясы) қабылданды

Республикалық маңызы бар қала санатындағы Шымкент қаласының бас жоспарының тұжырымдамасы (нобайлық идеясы) қабылданды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес Шымкент қаласы республикалық маңызды қала статусына ие болды.

Қазіргі таңда қаланың экстенсивті аумақтық кеңеюі жаңа нормативтік талаптарды ескере отырып, көп қабатты құрылысты перспективалық дамыту, қалалық кеңістікті цифрландыруға бағдарлау мәселелерін, ғылыми негізделген шешімді қабылдауды қажет етеді, яғни бұл қолданыстағы бас жоспарға түбегейлі өзгерістерді енгізуді талап етеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 29 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігіне «Ақылды қала» стандарттарын ескере отырып, Шымкент қаласының жаңа сәулеттік келбетін жасау бойынша жүйелі шаралар қабылдау» тапсырылды.

Осы айтылғандар негізінде, Шымкент қаласын одан әрі дамытудың ең үздік концептуалдық бағыттарын айқындау үшін Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан 2020 жылы Шымкент қаласының бас жоспарының тұжырымдамасына (концепция) ашық халықаралық байқау жарияланды. Байқаудың төрағасы ретінде қала әкімі тағайындалды және халықаралық деңгейдегі сәулетшілер құрамынан байқауды бағалаушы эксперттік комиссия бекітілді. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 17 қарашасы аралығында байқау болып өтті.

Өз кезегінде, 17 қарашаға дейін байқауға 4 жобалаушы мекеме олардың ішінде «Проектная фирма «ГРАДО» ЖШС, «Градкомплекс» ЖШС, «Астана-Жарнама» ЖШС, «Фонд Градостроителей» ЖШС қатысуға ниет білдіріп, өз тараптарынан әзірлеген бас жоспардың тұжырымдамасын ұсынды.                       2020 жылдың 20 қарашасынан 30 қарашасы аралығында эксперттік комиссия мүшелері жобалаушы мекемелер ұсынған барлық құжаттарды қарап шығып, зерделеп өз қорытындыларын ұсынды. Ұсынылған қорытындылар негізінде Шымкент қаласы бас жоспарының ең үздік тұжырымдамасын әзірлеген «Фонд Градостроителей» ЖШС болып анықталып, байқауда жеңімпаз атанды.

Осы орайда, жеңімпаз атанған мекеме 2021-2022 жылдар аралығында Шымкент қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар атқаратын болады.