ШЫМКЕНТ – ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ТАҒЫ БІР ТАРИХИ АЯЛДАМА

ШЫМКЕНТ – ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ТАҒЫ БІР ТАРИХИ АЯЛДАМА

2025 жылғы 6 мамырда «Жібек жолы» халықаралық туристік пойызының жолаушылары Шымкент қаласына екінші мәрте табан тіреді.

Саяхат барысында қонақтар көне Шымкент Цитаделін аралап, археологиялық жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, сәулетімен ерекшеленетін Сейітжан қари Есжанұлы мешітіне экскурсия ұйымдастырылды.

Меймандар ұлттық ас мәзірінен дәм татып, «Жеті тандыр» мейрамханасында қазақ қонақжайлылығының ерекше үлгісін көрді.

Бұл сапар – Шымкент қаласының мәдени әлеуетін арттырып, оны халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.