ҚЫТАЙЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ КӨНЕ ШЫМКЕНТ ШАҺАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚЫТАЙЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ КӨНЕ ШЫМКЕНТ ШАҺАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь бастаған қытайлық делегация «Шым қала» тарихи-мәдени кешенін аралады. Делегация көне Шымкент шаһарының тарихымен танысып, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген орындарды, сондай-ақ жаңғыртылған мәдени нысанды көріп шықты.

Қонақтарға қаланың ежелгі сауда жолындағы маңызы, мәдени және тарихи мұралары жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Өз кезегінде Елші мырза Хань Чуньлинь Шымкенттің бай тарихи-мәдени әлеуетіне жоғары баға беріп, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Сапар соңында тараптар мәдени мұраларды сақтау және туризм саласында өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.