ҚЫТАЙЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

ҚЫТАЙЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

Бүгін Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырза бастаған қытайлық делегация ресми сапармен Шымкентке келді.

Сапар аясында делегация «Wan Sheng Ceramic» зауыты, «Bal Tekstil» фабрикасы, «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен «QAZALPACK» зауытын аралап, өндірістік әлеуетпен танысты. Қала әкімдігінде қала басшылығымен кездесу өтіп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында G2B форматындағы келіссөздер ұйымдастырылды.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен алдағы мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық және туристік әлеуеті, жұмыс істеп тұрған индустриалды аймақтар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берілді.

Сапар аясында Шымкент пен Қытайдың Сиань және Байинь қалалары арасындағы бауырластық қатынастарға да назар аударылды. Бұл байланыстар іскерлік ынтымақтастықпен қатар, мәдени, білім беру және ғылыми бастамаларды қамтитын гуманитарлық әріптестікті де нығайтуға ықпал етіп келеді.

Кездесулер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз қаланып, қытайлық делегацияның бұл сапары түрлі саладағы конструктивті серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді.