ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИСТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИСТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ

Қала аумағында экологиялық туризмді дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жоба – «OMIR SHYMKENT» кешені жүзеге асырылады. Жоба туралы «OMIR Glamping» компаниясының басшылығымен өткен кездесуде таныстырылды.

Кешен құрамында глэмпинг орындары, капсула түріндегі қонақүй нөмірлері, жазғы террасалар, мейрамхана, ашық аспан астында концерт, кино көрсетілімдері мен іс-шараларға арналған алаңдар, сондай-ақ SPA-аймақ, монша мен бассейн қарастырылған.

Аталған жоба қаламыздың туристік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылымды орнықты дамытуға зор мүмкіндік береді.

Мұндай бастамалар қаламызда туристік кластерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жобаның табысты жүзеге асуына қажетті барлық қолдау көрсетілетін болады.