ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ЕЛШІЛЕРІ ШЫМКЕНТТЕ

ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ЕЛШІЛЕРІ ШЫМКЕНТТЕ
Қаламызға Шымкент пен Еуропалық Одақ арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Еуропа елдерінің 18 елшісінен құралған делегация сапармен келді.
 
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Симкич Алешка бастаған ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер өткізді.
 
Шымкентке келген елшілер қатарында:
•Алешка Симкич (Еуропалық Одақ),
•Андреа Бахер (Австрия),
•Кэтрин Лич (Ұлыбритания),
•Салман Бал (Швейцария),
•Ева Пулано (Швеция),
•Моника Иверсен (Германия),
•Янне Хейсканен (Финляндия),
•Михал Лабенда (Польша),
•Петрос Накузис (Кипр),
•Жозе Атаиде Амарал (Португалия),
•Эфталия Какиопулу (Грекия),
•Боян Хаджиев (Болгария),
•Рефик Шабанович (Хорватия),
•Яап Ора (Эстония),
•Отто Рона (Мажарстан),
•Ирина Мангуле (Латвия),
•Мадалина Лупу (Румыния),
•Роберт Кирнаг (Словакия).
 
Бұл сапар Шымкент пен Еуропа мемлекеттері арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
 
🔸Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі