ФРАНЦИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

ФРАНЦИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы мен Франция арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. 2025 жылғы 6 ақпанда бекітілген Қазақстан мен Франция арасындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру туралы Жол картасының 7-тармағы аясында «Франциядағы Шымкент қаласының күндері» іс-шарасы өтіп жатыр.

Екі ел арасындағы бизнес, туризм, шағын және орта бизнестің серіктестік әлеуетін арттыру мақсатында өтіп жатқан іс-шара барысында қазақтың ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталуда. Француз халқы қазақтың дәстүрлі тағамдары, киімдері мен әшекей бұйымдарымен танысып, сонымен қатар Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылды.

Бұл шара Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз!