
Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының қолдауымен бірқатар колөнер шеберлері өз бұйымдарын жәрмеңке арқылы қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынды.
Жәрмеңкеде ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіре отырып жасалған бомберлер, бас киімдер, әшекей-бұйымдар, аксессуарлар мен қол-өнер бұйымдары сатылымға шықты.