ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АРНАЙЫ СТУДЕНТТІК ТУР МАРШРУТ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АРНАЙЫ СТУДЕНТТІК ТУР МАРШРУТ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2025 жылғы 27-28 ақпанда Ташкент қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарында Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылып, студенттерге арналған арнайы туристік маршруттар ұсынылды. Кездесуге Alfraganus University, Toshkent davlat transport universiteti және Ташкент мемлекеттік шығыстану университеттерінің студенттері қатысты.

Басқарма тарапынан жоғарыда аталған оқу орындарының студенттеріне қаладағы қонақ үйлерге жеңілдіктер, туристік нысандарға тегін кіру және гидтер мәселесі қарастырылатын болады. Айта кетейік, студенттік туризмді дамыту мақсатында өткен кездесуде биыл Шымкент қаласында өтетін 8 фестиваль туралы презентация жасалып, аталған фестивальдерге студенттер тарапынан қызығушылық танытылды.

Іс-шара соңында жоғары оқу орындарының басшыларымен наурыз айынан бастап студенттерді Шымкент қаласына жіберу туралы келісім жасалды.