«SHYMKENT CREATIVE HUB» КРЕАТИВТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«SHYMKENT CREATIVE HUB» КРЕАТИВТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының негізінде «Shymkent Creative Hub» креативті орталық ашу жоспарлануда.

Креативті хабтың мақсаты – креативті индустрия кәсіпкерлерін бір орталықта шоғырландыру арқылы көлеңкелі бизнес көлемін азайту, креативті идеялар мен жобаларды іске асыру, кәсіпкерлердің бәсекелестігін арттыру және халықаралық нарықта жарнамалау арқылы табыс көлемін ұлғайту болып табылады.

Орталық қаламыздың белсенді креативті сала өкілдері, атап айтқанда, қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер, суретшілер, құмырашылар, контент-мейкерлер, сән үйі мен дизайн мектебі, зергер мен ағаш өнімдері мамандарына тегін жұмыс алаңдарын ұсынумен қатар, өз өнімдерін монетизациялауға септігін тигізеді.
Аталған шаралар көлеңкелі бизнесте жүрген кәсіпкерлердің заң жүзінде тіркеліп, ашық түрде салық төлеуіне ықпал етеді.

🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметі