БУРАБАЙ МЕН ӨСКЕМЕНДЕ АҚПАРАТТЫҚ БҰРЫШТАР АШЫЛДЫ

БУРАБАЙ МЕН ӨСКЕМЕНДЕ АҚПАРАТТЫҚ БҰРЫШТАР АШЫЛДЫ

2025 жылдың 22-23 ақпанында Шымкент қаласының туристік әлеуетін насихаттау мақсатында Өскемен қаласы және Бурабай кентінде арнайы ақпараттық бұрыштар ашылды. Бұл шара Шымкент қаласының туризм саласындағы мүмкіндіктерін Бурабай мен Өскемен тұрғындары мен қонақтарына таныстыруды көздейді.

Ақпараттық бұрыштарда келушілер Шымкенттің тарихи және мәдени нысандары, ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен туристік қызметтер туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Шымкенттің гастрономиялық ерекшеліктері мен дәстүрлі фестивальдері туралы мәліметтер ұсынылып, арнайы карталар, буклеттер және басқа да ақпараттық материалдар тегін таратылды.

Бұл бастама Шымкент қаласының туризмін дамытуға және Бурабай мен Өскемен арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Ақпараттық бұрыштар тұрғындар мен қонақтарға Шымкенттің туристік әлеуетін таныстыруда маңызды рөл атқарады.