
Қаламыздың креативті индустрия кәсіпкерлеріне қолдау жалғасын табуда.
Креативті индустрия бүкіл әлем бойынша заманауи экономиканың маңызды бөлігі болып табылады. Сол себепті, біздің қаламызда да креативті индустрияны дамытуға ерекше ден қойылған.
Осы орайда, 2024 жылдың 30 қараша күні Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы Креативті индустрия ассоциациясымен бірге «Shymkent City Mall» сауда ойын-сауық орталығының қолдауымен жергілікті креативті индустрия кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған жәрмеңке өткізді.
Аталған іс-шараға қаланың 14 креативті индустрия өкілдері қатысты. Қолөнершілер қала тұрғындарына өздерінің қолмен жасалған, оның ішінде зергерлік бұйымдар, киіз, тоқыма және т.б. өнімдерін ұсынды.
Жәрмеңке қаладағы мәдени өмірге жаңа леп алып келіп, шеберлердің еңбектерін бағалауға ықпал етті. Қолөнершілер жәрмеңкесі үлкен қызығушылық пен жарқын әсермен аяқталды.
Сондай-ақ, аталған жәрмеңке желтоқсан айының 14 күні «Shymkent City Mall» сауда ойын-сауық орталығында жалғасын табатынын хабарлаймыз.