Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес Республикалық маңызға ие тарихи-мәдени және сакралды нысандарды ретке келтіру бойынша демеушілердің есебінен мемлекет қаржысына салмақ салмай келесідей жұмыстар жүргізілді.
Біріншіден, «Ибрагим ата» кесенесінің аумағында санитариялық-гигиеналық торап салынып, ескі орындықтар жаңартылды.
Екіншіден, «Қарашаш ана» кесенесі аумағында санитариялық-гигиеналық тораптың құрылысы басталды (қыркүйек айының соңында аяқталады), нысан аумағында ескі орындықтар жаңартылды және жарық шамдары орнатылды.
Үшіншіден, «2GIS» компаниясының есебінен «Қарашаш ана», «Ибрагим ата», «Әбділ Әзіз баб» және «Мірәлі баб» кесенелерінде жаңа навигациялық туристік тақтайша орнатылды.
Анықтама үшін: ақпараттық тақтайша халықаралық туристік навигациялар үлгісінде әзірленген, 3 тілде нысан жайлы аудиогид орналастырылған және мүгедек жандарға арналған тактильді алфавитті нысан анықтамасы бар.