ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ БІШКЕКТЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ БІШКЕКТЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының туризм саласының өкілдері Тянь-Шань тауларының етегіндегі Бішкек қаласында іс-сапарда болды. Қаламыздың ішкі және сыртқы туризмін таныстыру мақсатында бизнес өкілдеріне ақпараттық «Road Show» ұйымдастырылды.

 Іс шараға Қырғызстанның озық тур операторлары мен түрлі туристік, ақпараттық орталықтарының өкілдері қатысты. Оларға мегаполистің көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер көрсетіліп, ұлттық тағамдар мен «Шымкент шайы» ұсынылды.

 Кездесулер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастық меморандумдары түзіліп, ортақ келісімдер жасалды. Жыл басынан бері қалаға 340 мыңнан астам турист келген. Бүгінде шетелдік турист санын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар күшейтіліп отыр.