ТУРИСТЕРДІҢ ҚЫСТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ: ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ТУРИСТЕРДІҢ ҚЫСТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ: ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Қыс мезгілінің жақындауы – қалаға келуші туристерге жылы құшақ жаюмен қатар, олардың қауіпсіздігіне ерекше назар бөлуді міндеттейді. Шымкент қаласына жақын орналасқан туристік аймақтарға басқа елдерден, өңірлер мен қалалардан келіп саяхаттаушылардың саны басым. Осы мақсатта, спорт шебері, альпинизмнен жоғары санаттағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері Степан Шифманмен Шымкент қаласының гид-экскурсоводтарына арналған семинар өтті.

Іс-шара «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Southpeak.kz» спорттық және экстремалды туризм командасымен бірлесе ұйымдастырылды. Батыс Тянь-Шань тауларында қар көшкіні қауіпсіздігінің негіздері және қауіпсіз сырғанауды ұйымдастыру бойынша өткен тренингке Шымкент қаласынан 30-дан астам экскурсия жетекшілері мен туризм саласындағы нұсқаушылар қатысты. Семинар соңында қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар табысталды.

Жалпы, қазіргі таңда Шымкент қаласында гид-экскурсоводтарға жүгінушілер саны артқан. Туроператорлар мен турагенттермен бірлесе жұмыс атқаратын мамандар келушілерге шаһардың тарихи, мәдени жерлері бойынша ақпарат береді. Олар үшін қажетті аударма тілдері, яғни аудармашылар да қарастырылған.