ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗДЫҢ 92 КҮНІНДЕ НЕ НӘРСЕГЕ ҮЛГЕРУ КЕРЕК?

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗДЫҢ 92 КҮНІНДЕ НЕ НӘРСЕГЕ ҮЛГЕРУ КЕРЕК?

Қош келдің, жаз!

Шымкентте 365 күннің 300 күні шуақты. Демек, жаздың келуі шымкенттіктер үшін аса таңқалдырарлық жайт болмаса да, жазбен бірге қызығы еселенетін сәттер бар. Ендеше, «Шымкентте жаздың 92 күнінде не нәрсеге үлгеру керек?» Осы сұрақтың жауабын әріптестермен ойлана келе дайындап, Сіздерге ұсынуды жөн көрдік.

Егер сіз Шымкент тұрғыны, турист немесе жазда келуді жоспарлап жүрген саяхатшы болсаңыз, онда әлеуметтік желіні ұмытып, жаздың ең шуақты күндерін Шымкентте эмоцияларға толы жерлерде өткізуге кеңес береміз.

- Әуе шары. Бар-жоғы 10 минуттық әуе саяхаты. Бірақ сіздің есіңізде ұзақ сақталатындай адреналин сыйлайды;
- Екі этажды “Red BUS” туристік автобусымен саяхат жасау;
- Картингке мініп, жылдамдықты асыра, адреналин алу;
- Зообақтағы 3000-ға жуық жануарды тамашалау;
- Дендросаябақта күнделікті таңертең жүгіру;
- Орталық саябақта пикник жасау;
- «Қошқар ата» өзенінің емдік суына шомылу;
- «Бәйдібек биден» таңның атуы мен күннің батуын тамашалау;
- «Абай» саябағында йогамен айналысып, жанға тыныштық сыйлау;
- «Altyn eye» аттракциондарының ең биік нүктесіне міну;
- «Сандықта» сіз ешқашан дәмін көрмеген ұлттық тағамдардан дәм тату;
- Театрға барып, қойылымдар тамашалау;
- Стендті ату арқылы нысананы дәлдеп үйрену;
- Шымкенттік өнім «Рахат» фабрикасының тәтті шоколадтарынан дәм тату;
- Атпен серуендеу;
⁃ Аквапаркте шомылу;
⁃ Керамикадан құмыралар жасау;
⁃ Табиғат аясында сурет салу;
⁃ Тарыдан жасалған кофенің дәмін тату;
⁃ Парашютпен секіру;
⁃ Парапланмен ұшу;
⁃ Теннис ойнау;
⁃ Мұз айдынында сырғанау;
⁃ “Shymkent bike” велосипедтерімен серуендеу;
⁃ Цитадельдің тарихымен танысу;
⁃ VR очкимен қалаға виртуалды сапар жасау;
⁃ Жайлаукөлде катамаранмен серуен құру;
⁃ Парапланмен ұшу;
⁃ Танымал Барно квасын ішу;
⁃ “Север” балмұздағының дәмін тату;
⁃ Кеседе пісірілген самсаның дәмін көру;
⁃ Скутер шерингпен қаланы аралау;
⁃ Шымкент шайын ішу;
⁃ Базарларды аралау;
⁃ Арбатта гитарамен шырқалған әндерді тыңдау;
⁃ VR очкимен виртуалды әлемде командалық ойын ойнау;
⁃ Және біздің “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығымен танысып, гидтермен бірге тегін экскурсия жасау.

Достар, біз ұсынған кеңестерді сақтап алыңыз. Уақытыңыз болғанда барып жатсаңыз, бізді белгілеуді ұмытпаңыз. Егер, ұмыт қалдырған нысандар болса, астына жаза өтіңіз.