УКРАИНА-ШЫМКЕНТ БАҒЫТЫНДА ӘУЕ РЕЙСІН АШУ ҰСЫНЫЛДЫ

УКРАИНА-ШЫМКЕНТ БАҒЫТЫНДА ӘУЕ РЕЙСІН АШУ ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қызметкерлері Украинаның Киев қаласында өткен "UITM" халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Көрме аясында Украинаның ең әйгілі "World Travel" туристік журнал редакторларымен кездесу өтіп, ақпарат алмасумен қатар, жарнамалау бойынша келісімшарт жасасуға уағдаласты.

"UITM" туристік халықаралық көрмесіне қатысушы Болгария мемлекетінің Туризм министрлігіне де Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан ынтымақтастық жөніндегі толық ақпараттық турлар мен роуд шоулар өткізу бойынша  келісімшарт жолданбақ.

Одан өзге, ҚР Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлымен басқарма қызметкерлерімен кездесу аясында Шымкент қаласының туристік жобалары мен бағыттарымен танысып, үшінші мегаполистің  туристік тартымдылығының артуына үлес қосатынын айтты. Сонымен қатар, әуе рейсін ашу бойынша ұсыныс берді.