«EQONAQ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫОРНАЛАСТЫРУ ОРЫНДАРЫНА40 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ ТІРКЕЛДІ

«EQONAQ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫОРНАЛАСТЫРУ ОРЫНДАРЫНА40 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласына келуші қонақтар үшін ыңғайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жүйелі іске асуда. Биылғы жылдың мамыр айында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Kazakh Tourism»ұлттық компаниясы арасындағы екіжақты келісім аясында «eQonaq» бірыңғайақпараттықжүйесіқонақ үйлерде орнатылған болатын.

Ақпараттық жүйе арқылымегаполискекелген туристер ертеректе атқарылғандай Көші-қон полициясына барып немесе«егов» порталынакіріп уақыт жоғалтпай, өздері тоқтаған қонақ үйде қызметкерлердің көмегімен немесе өз ықпалымен тіркеле алады.

Туристердіесепкеалу, туристікағындыталдаужәнекөші-қонбақылауынжүзегеасыруғаарналғанжүйенің базасында бүгінгі күнге дейін 40 мыңға жуық шетел азаматы тіркелген. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 70 орналастыруорны, атапайтсақ, қонақүйлер, хостелдер жәнедемалысүйлері тәжірибеде қолданып келеді. Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласында 120 орналастыру орны бар. Жыл соңына дейін барлық нысанға «eQonaq» бірыңғайақпараттықжүйесін орнату жоспарланған.

Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының баспасөз қызметі