ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ «KAZAKH TOURISM» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫМЕН БІРГЕ СЕМИНАР – ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ «KAZAKH TOURISM» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫМЕН БІРГЕ СЕМИНАР – ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласының туризм басқармасы 2020 жылдың 19 қарашасында Шымкент қаласының «Canvas» қонақ үйінде, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясымен бірлесе қаланың қонақ үй менеджерлеріне, MICE, туристік орпеторлар мен агенттіктерге семинар – тренинг өткізді.

Семинар барысында халықаралық іс-шараларды дестинацияға тарту, MICE-индустриясының негіздері басқару және сату саласын оңтайландыру, дестинация бірегейлігін тәжірибесін жетілдіру, халықаралық ассоциациялардың іс-шараларын тартудың әдістері, замануи трендер секілді тақырыптар қарастырылады.

Аталған оқыту семинар – тренингке 25 компания өкілдері қатысты. Семинар аясында, арнайы буклет және журналдар таратылды, сонымен қоса брендтік бұйымдар ұсынылды.