ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫЛҒАН "ШЫМҚАЛА" ЭТНОАУЫЛЫ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫЛҒАН "ШЫМҚАЛА" ЭТНОАУЫЛЫ
 Қала күніне орай ашылған «Шымқала» этноауылының алғашқы кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі.
 
Жаңа нысан қала тұрғындары мен қонақтарының игілігіне берілді. Мәдени-туристік кешен жеке инвестордың қаражаты есебінен салынған. Жоба қаланың туристік әлеуетін арттыруға, ұлттық мұраны дәріптеуге және креативті индустрияларды дамытуға бағытталған.
 
Мұнда ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени кеңістіктің мүмкіндіктері үйлесім тапқан. Жобаның алғашқы кезеңі аясында концерттік алаң, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы, ұлттық тағамдар мейрамханасы, кәдесый дүкендері мен қолөнер павильондары пайдалануға берілді. Этноауыл көрмелер, шеберлік сабақтары, шығармашылық кездесулер және өзге де мәдени іс-шаралар өткізілетін алаңға айналады. Сонымен қатар, бұл кеңістік суретшілердің, дизайнерлердің, қолөнершілердің және жас таланттардың жобаларын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
 
Жоба аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Келесі кезеңде өңірдегі ең үлкен киіз үйдің құрылысы жоспарланған. Қала басшылығының пікірінше, этноауыл одан әрі дамып, Шымкенттің жаңа көрікті орындарының біріне айналады.