
Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы туризм және сервис саласы бойынша тегін қысқа курстар өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға әкімші, бармен, хостес, даяшы және гид-экскурсовод бағыттары бойынша оқу бағдарламалары таныстырылып, сабақ барысы көрсетілді. ⠀
Бес бағыт бойынша 50-ден астам адам тіркелген, бүгінгі күні әкімші (администратор) бағыты бойынша алғашқы сабақтар өткізілді. Оқу курсы аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификат табысталып, жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылады.⠀
Жоба Шымкент тұрғындарын туризм және сервис саласында сұранысқа ие мамандықтарға даярлауға бағытталған. Қысқа мерзімді курстар кәсіби біліктілікті арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді. Бағдарлама туризм индустриясын дамытуға, қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға және жаңа жұмыс мүмкіндіктерін кеңейтуге үлес қосады.