
Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Йоав Быстрицкиймен кездесу өтті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту, инвестиция тарту, IT саласын дамыту, сондай-ақ білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.
Шымкент қаласының ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан мегаполис ретіндегі әлеуеті атап өтіліп, индустриялық аймақтар мен инвесторларды қолдау тетіктері бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастыратыны жеткізілді.
Сонымен қатар, биыл Шымкент қаласында израильдік бизнес өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу және Тель-Авив – Шымкент бағытында тікелей әуе рейсін іске қосу мүмкіндіктері қарастырылды.