
Шымкент қаласының креативті индустрия өкілі — Дауылбаева Ақмарал Шаншарқызы «Ең үлкен ұлттық бас киім – Сәукеле» жасап, Гиннес рекордтар кітабына енді.
«Shymkent Creative Hub» алаңында құрақ құрау өнерінің 50 өкілінің қатысуымен арнайы марапаттау іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейде танытудың маңыздылығы атап өтіліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.