«Creative Ethno Market» шығармашылық іс-шарасы

«Creative Ethno Market» шығармашылық іс-шарасы

2025 жылдың 22-23 қараша күндері «Shymkent Creative Hub» креативті хабында креативті индустрия өкілдерінің қатысуымен «Creative Ethno Market» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның бағдарламасына сәйкес кәсіби шеберлердің қатысуымен көркем өнер, киіз өнімдері, әшекей жасау өнері және т.б. бойынша шеберлік сағаттар, ұлттық киімдердің сән қойылымы және дизайнерлер мен қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында шығармашылық саласында оқитын колледж студенттері креативті хабтың жұмысымен танысып, кәсіби мамандардан тәжірибелік сабақ алды.