ИРАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ

ИРАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәбитов Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джоукар Али Акбар мырзамен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты әріптестікті кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, сондай-ақ инвестиция, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

 Сонымен қатар, шетелдік делегациямен бірге Шымкент қаласындағы Иран өндірушілерінің ІІІ көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.

Көрмеде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табиғи өнімдері, ұлттық тағамдар, қолөнер бұйымдары мен экологиялық таза азық-түлік түрлері ұсынылды. Бұл — тек сауда-саттық емес, мәдени алмасудың, өзара түсіністік пен сенімнің нақты көрінісі.

 Шара шеңберінде Қазақстан мен Иран арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ өңірдің халықаралық деңгейдегі инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар мәселелер сөз болды.

 Бұл кездесу мен көрме – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған нақты қадамдардың бірі.